• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Наурыз, 2023

Алматыда оқушылар жаппай төбелес шығарды

361 рет
көрсетілді

Алматыда футбол матчынан кейін мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде оқушылардың жаппай төбелесінің видеосы тарады. Видео астындағы жазбада жанжал Орбита шағын ауданында болғаны туралы жазылған.

Алматы қалалық полиция департаментінде аталған оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.   «Оқиғаның мән-жайын білу үшін төбелеске қатысушылар полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар істің мән-жайын анықтау үшін мектеп оқушылары арасындағы футбол турнирінің ұйымдастырушылары полицияға шақырылды», деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.