• RUB:
    5.45
  • USD:
    465.52
  • EUR:
    498.2
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Наурыз, 2023

Қазақстандық гимнаст әлем кубогі кезеңінде алтын медаль алды

619 рет
көрсетілді

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов ат үстіндегі жаттығуларда үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл дисциплинада күміс медаль ирландиялық Рис Маккленаганге бұйырды. Үздік үштікті Тайбэй өкілі Шао Ю Ян түйіндеді.