• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Наурыз, 2023

17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

340 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері жексенбі, 5 наурызда республиканың 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, 6 наурызда түнде нөсер жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығсытан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.