• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 04 Наурыз, 2023

Серік Жұманғарин көкөністер көлемін ұлғайтуды тапсырды

282 рет
көрсетілді

2023 жылғы 4 наурызда Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша жедел кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Жұманғарин алдыңғы аптада көкөністерге бағаның өсу қарқыны бәсеңдегенімен, тұрақтамағанын айтты. Тұрақтандыру қорларынан нарыққа шығарылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың көлемі әлі де жеткіліксіз болып отыр.

«Әкімдіктерге қорды қоймаларда ұстамай,  көкөністерді сататын сауда нысандарының санын көбейте отырып, оларды үлкен көлемде нарыққа шығаруды тапсырамын», деді Серік Жұманғарин.

Кеңес барысында Сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабековтің айтуынша, бүгінде өңірлердің деректері бойынша айналымға 56,2 мың тонна көкөніс жіберілді. 

Бүгінде 18,4 мың тонна көкөніс, оның ішінде пияз - 4,9 мың тонна, қырыққабат - 2,8 мың тонна, картоп – 7,0 мың тонна, сәбіз – 3,6 мың тонна сатылды. Өткен аптада сәбіз бағасы – 0,6%-ға, қарақұмық – 0,5%-ға, қант – 0,3%-ға, күнбағыс майы және тауық еті – 0,2%-ға төмендеді.