• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Наурыз, 2023

Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

2661 рет
көрсетілді

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спортшы американдық белгілі файтер Джефф Нилмен (15-4) бақ сынасты. Нәтижесінде үшінші раундта оны тұншықтыру әдісімен жеңді.

Ескеретін жәйт жекпе-жек алдында Джефф Нил UFC орта салмақтағы рейтингінде Шавкат Рахмоновтан алда тұрды. Рейтингте американдық спортшы жетінші орынға жайғасса, қазақстандық оныншы орынға тұрақтаған еді.

Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой маңсабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізді. Әзірге жауырыны жер иіскемеді.

Ал Джефф Нил бесінші мәрте қарсыластарына есе жіберді.