Сауд Арабиясында педофил мен кісі өлтіруші өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.
Сауд Арабиясының Джидда қаласында педофил өлім жазасына кесілген. Бұл туралы сол елдің ІІМ хабарлады.
«Омар Әл-Баракат кәмелетке толмаған ұлдарды азғырғаны және ұрлағаны үшін сондай-ақ оларға жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталды», деді ведомство өкілі.
Сот оны өлім жазасына кескен. Сондай-ақ қауіпсіздік қызметкерін өлтірді деп айыпталған Мұхаммед Файди де осындай жазаға кесілген.