• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Наурыз, 2023

Арал теңізінің деңгейі жарты метрге жуық көтерілді

5814 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының әкімдігі хабарлағандай, Арал теңізінің деңгейі 2022 жылдың қазан айымен салыстырғанда 48 сантиметрге артқан. 2022 жыл бойы Арал теңізіне 816 миллион текше метр су құйылса, 2023 жылғы екі айдың өзінде 803 миллион су түскен, деп жазады Egemen.kz.

«Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғановтың айтуынша, осы уақытқа дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд текше метрден, 18,5 млрд текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген. 2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі таңға дейін теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ (48 сантиметр) көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метрге ұлғайды»,  деп жазылған Қызылорда облысы әкімдігінің хабарламасында.