Қатар астанасы – Дохада спорттық гимнастикадан Әлем кубогінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті.
Әлемнің ең мықты спортшылары бас қосқан жарыста жерлесіміз Нариман Құрбанов ат жаттығуында жеңімпаз атанды. 2022 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылы Универсиаданың жеңімпазы бұл сында өзінің The Kurbanov деп аталатын элементін сәтті орындап, 15,400 ұпаймен алтыннан алқа тақты. Екінші орынға былтырғы әлем чемпионы ирландиялық Рис Мак Кленаган тұрақтаса (15,033 ұпай), үздік үштікті тайпейлік гимнаст Шяо Ю-Ян түйіндеді. Осы бағдарламаның финалында өнер көрсеткен тағы бір жерлесіміз Ілияс Азизов 14.100 ұпаймен 6-сатыға табан тіреді.
Нариман осыдан бір апта бұрын Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Ат бағдарламасында 14,800 ұпай жинап, қола медальды мойнына ілген болатын.