• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Наурыз, 2023

«Дикий Арманның» ісіне қатысты сот шешімі шықты

15368 рет
көрсетілді

Өткен жылдың қаңтар айында болған тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікке ілінген азамат сот шешімімен сәуір айына дейін қамауда қалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дикий Арман» лақаб атымен танылған Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының деректері бойынша 2023 жылғы 6 наурызда соттың шешімімен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды.

«Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 сәуірге дейін ұзартуға шешім қабылданды», деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Жұмагелдиевке 2022 жылғы қаңтар айының басында қаруды заңсыз сақтағаны және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

Бас прокуратураның мәліметінше, Арман қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК кураторының басшылығымен жұмыс істеген.