• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қаржы 07 Наурыз, 2023

Доллар тағы қымбаттады

380 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 438,57 теңгені құрап, 5,14 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық банк еуро бағамын 460,06 теңгеге, рубльді – 5,75 теңгеге, Қытай юані – 62,46 теңгеге белгіленді.

Айырбастау пункттерінде долларды 438-442 теңгеден, еуроны 468-474 теңгеден, ресей рублін – 5,65 - 5,9 теңгеден сатып алады/сатады.

7 наурыздағы сауда-саттық барысында мұнайдың орташа бағасы да қымбаттады. Мәселен, мамыр айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,29%-ға, барреліне 86,43 долларға дейін, сәуір айындағы WTI фьючерстері 0,26%-ға, 80,67 долларға дейін өсті.