• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Наурыз, 2023

Гөзал Айнитдинова елордадағы турнирдің келесі кезеңіне өтті

211 рет
көрсетілді

Қазақстан теннисшісі Гөзал Айнитдинова Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour BeeTV 60 Women's турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисші дүниежүзінің 254-ракеткасы, ресейлік Мария Тимофеевамен ойнады.

Нәтижесінде Гөзал Айнитдинова 6:3, 6:1.7:6 (7:3) есебімен жеңді.

«Бірінші сетте  қауқарсыз болдым, не болып жатқанын түсіне алмадым. Екінші партияда белсенді болып, тез әрекет еттім, сосын партияны жеңу мүмкін болды. Үшінші шешуші сетте мен 5:3 есебімен жүрдім, озу мүмкін болмады. Тай-брейкке дейін барып, жеңіп шыққаныма қуаныштымын‍», деді Г. Айнитдинова матчтан кейін.

Енді Гөзал Айнитдинова ширек финалға шығу үшін дүниежүзінің 136-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижимамен ойнайды.