Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Индиан Уэллс мастерс турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннисшісі бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 175-орында тұрған тайбэйлік Ву Тун Линмен күш сынасты.
Бірінші кезеңде есеп теңесіп 3:3 болды, алайда тайбэйлік спортшы брейк жасап, 6:4 есебімен басымдылығын сақтап қалды.
Қарсылас екінші сетте де алға жылжыды - 3:1. Нәтижесінде ол 6:4 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті.
Десе де Александр Бублик 6 эйспен көзге түсті.
Айта кетсек, турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,8 млн АҚШ доллары. Индиан Уэллс додасы 19 наурызда аяқталады.