Ертең елорданың Халықты жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осы жылдың 10 наурызында сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін алимент төлемдері бойынша борышкерлер үшін, сондай-ақ бос жұмыс орындарына орналасу мақсатында жұмыссыз жүрген азаматтар үшін бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де Бейбітшілік, 9 мекенжайында өтеді.