15 наурызда Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының шымылдығы түріліп, жарыс 31 наурызға дейін жалғасады. Күні кеше дүбірлі додада бақ сынайтын ел құрамасының тізімі белгілі болды.
Үндістан шаршы алаңында өтетін әлем біріншілігінде Қазақстанның бұрымдылары толық құрамда (12 салмақ) өнер көрсетеді. Олардың қатарында әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлері, көптеген халықаралық жарыстың жеңімпаздары бар. Сондай-ақ Нью-Делиде былтыр Түркиядағы әлем біріншілігінде ел қоржынына күміс жүлде салған Алуа Балқыбекова (48 кг) және қола медаль иегерлері Жайна Шекербекова (52 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (70 кг) шаршы алаңға шығады.
Шәміл Сафиуллин жаттықтыратын ұлттық құраманың толық тізімі мынадай: Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Рима Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Надежда Рябец (66 кг), Мәдина Нұршаева (70 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Фариза Шолтай (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+ 81 кг).