• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Футбол 09 Наурыз, 2023

ПСЖ жорығын тоқтатты

232 рет
көрсетілді

Футболдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы қа­рымта матчтар аяқталып, турнирдің ширек финалына жолдама алған төрт құрама белгілі болды.

Плей-оффтағы жауапты матчтарда ай­тарлықтай тосын нәтижелер тіркелген жоқ. Тек алғашқы ойында Германияның «Бо­руссия Д» клу­бынан 1:0 есебімен жеңілген Англияның «Чел­сиі» өз алаңындағы қарымта матчта қарсы­ластарын 2:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге шық­ты. Ал қатар өткен екінші матчта «Бенфика» Пор­тугалияда «Брюггені» 5:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал ертесі күнгі кездесулерде «Бавария» Мюн­хенде ПСЖ клубын 2:0 есебімен тізе бүк­­тіріп, франциялықтарды жарыс жолынан ығыс­тырса, Италияның «Миланы» сырт алаң­да «Тот­тэнхэммен» тең ойнап (0:0), өз ала­ңындағы же­ңісінің (1:0) нәтижесінде ширек финалға шықты.