• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Наурыз, 2023

Қателік қайталанбауы керек

405 рет
көрсетілді

Қарқын ала бастаған оң үдерістердің маңыздылығын бәріміз жақсы түсінеміз. Ел экономикасы мен халқымызды жетістікке жеткізетін үлкен өзгерістердің де ауылы алыс емес екеніне сенім ұлғайды. Рас, атқарылатын жұмыс көп. Алдағы реформалардың ауқымы мен Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызын айқынырақ сезіну үшін алдымен оның сыртқы көрінісіне үңілу керек. Ал бүгінгі шындықтың сыртқы көрінісі халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында табысты бөлудің теңгерімсіздігі, яғни оны бөлудегі олигархиялық экономика мен қуатты кері қайтарылымға негізделіп құрылғанын көрсетіп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында «Біздің бас­ты мақсатымыз – Қазақстанда әділеттілік орнату. Ол үшін өт­кеннен сабақ алып, өткеннің қателігін түзетіп, қордаланған мәсе­лелерді шешу керек», деді. Саяси тұғырнамасында Пре­зидент «Қазақстандағы оли­гополь­дік капитализм әлеумет­тік теңсіздікті тудырғанын», сондай-ақ «кедейлік тұзағынан» шығу қажеттілігі туралы, оны құрудағы монополистердің айтарлықтай теріс рөл ат­қар­ғанын, олардың үлесіне сарапшылар есептегендей, ұлттық табыстың үштен екі, ал халыққа үштен бір бөлігінен азы ғана тиесілі болғанын ерекше атап өтті. Ал шын мәнінде бұл «көр­сеткіш» керісінше болуы керек еді. Әрине, мұ­ның себептері тереңде жатыр. Ең алдымен, мемлекеттік бас­қару жүйесіндегі жылдар бойы қалыптасқан теріс транс­формациялық үдерістерді атап өту қажет. Шынында да, қабылданған шешімдер­ге жауап­кершілік болмауы, ведомост­во­лық бөліністе сапа мен кәсі­би­ліктің төмендеуі байқалды.

Тәуелсіз реформалар жылда­рында көптеген мемлекеттік, салалық және аймақтық даму бағдарламасы қабылданды. Соңғы екі онжылдықта көпте­ген бастама сәтсіздікке ұшыра­ды, бағ­дарламалар мақсат­ты бағыттар бойынша орындалмай қалды немесе керісінше, мерзімінен бұ­рын орындал­ды да үнемі түзе­ту­лер енгізі­ліп отырды. Ал мұ­ның барлы­ғы бағдарламалық құжатта­р­­дың қатаң ғылыми-әдіс­темелік негіздеу сатысынан өтпе­генді­гінен еді. Осылайша, индус­триялық-инновациялық негізде экономиканы әртараптандыруды жүзеге асыру үлкен сәтсіздікке ұшырады. 

Жиырма жылға жуық уақыт ішінде бірнеше мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылды, бірақ іс жүзінде экономиканы әртараптандыру сезілмеді. Эко­номиканың өңдеу секторы өз өнімдерінің едәуір бөлігі бо­йын­ша әлемдік экономикада ғана емес, ЕАЭО-ның жалпы нары­ғында да бәсекеге мүлдем қабі­летсіз екенін көрсетті. Басқаша айтқанда, ұлттық жоба шеңбері аясында аз немесе мүлдем тиім­сіз бағдарламалар мен ішкі бағ­дар­ламалардың көптеген түрі жа­салды. Бұл құжаттар, шын мә­­нінде, бағдарламалық жасақ­та­ма бола отырып, елдің әлеу­мет­т­ік-экономикалық да­муын бас­қаруға біршама кедер­гі кел­­тіреді. Өйткені олар қол­даныстағы мемлекеттік бағдар­ламаларға қайшы келіп, жанама жұмыс істейтін кейбір мемлекеттік бағдарламаларды немесе олардың жеке міндет­терін то­лығымен қайталады. Бас­қарудағы бұл сәйкессіздік іс жүзін­де барлық экономиканың «Forbes Қазақстан» тізіміндегі «ықпалды» деп танылған бір­неше адамның қолында болуы­мен байланысты еді. Өйткені жек­еше­лендіру кезінде мемле­кет­­тік меншік мүдделі тараптар­дың шағын тобының пайда­сына шешілді, Ұлттық қор қара­жатына қол салу бастал­ды, мем­­лекеттік сатып алу жүйесі де заң­сыздықтар арқылы жүзеге асы­рылып келді.

Ең қауіптісі, өңірлердің даму деңгейіндегі, барлық тұрғын халықтың өмір сүруіндегі алшақ­тыққа алып келді. Өңірлерді да­мытудың экономикалық дең­гейлерін теңестіруге бағыт­талған аймақтық саясаттың бұл ұс­танымы мемлекеттік басқа­ру­дың бұрыннан келе жат­қан идеясы болғанымен, алға қойған мақсатқа жетудің нақты нәтижесін көрсете алмады. Па­йым­дап қарасақ, бұл мақсатқа жету мүмкін емес, өйткені бұл меже методологиялық мағынада әр­­түрлі табиғи ресурстары бар дамыған елдерде де сынға тө­теп бере алмайды. Сала­лар мен салалық кешендерді ма­ман­­дандыруда бәсекелестік артық­шылықтарды тиімді пайдалану, сондай-ақ өңірлік кластер­лерді қалыптастыру негізінде өңірлердің әлеуетін барынша арттыру қажет.

1990-1995 жылдарда мемле­кет­тік басқару жүйесінің негізгі қызметтерінде ғылыми ортадан шыққан адамдар болғаны есімде. Олардың қолы таза еді және интеллектуалдық қадір-қасиеті жоғары болды. Сондықтан да олар ел үшін тиімсіз, қолайсыз шешімдердің қабылдануына жол бермеді. 

Облыс әкімдерінің қызметін рейтингтік бағалау жүйесімен байланысты тиімді өңірлік сая­сатты қалыптастыру үдеріс­терін тежейтін тағы бір қағидат­ты атап өтуге болады. Басқару жүйе­сінің ардагерлерінің есін­де болуы керек, бұрын бұл баға­лау тәсі­лі екі рет – 90-жылдар­дың екін­ші жартысында және 2000-жыл­дардың бірінші жартысында қолданылған. Бірақ бұл қағидат абсурдқа дейін жет­ті. Өйткені бағалау әдістеме­сі­нің негізіне облыс әкімдері­нің бақылауындағы аймақтардың өздері ұсынған ақпарат негізге алынды.

Қазір Үкіметте бұл жүйені тағы, яғни үшінші рет енгізу идея­сы қозғалып отыр. Осыған бай­ланысты сұрақ туындайды. Біз осы қадам арқылы бұ­ры­н­ғы қателікті қайталап отыр­ған жоқпыз ба? Бұл жүйе негізі­нен жинақталған көкейкесті мә­се­лелерді шешу үшін не бере алады? Қазіргі жағдайда атал­ған жүйе онша тиімді емес. Себебі, мемлекеттік статистика экономиканы, яғни оның өте жабық квазимемлекеттік секторында үлкен сенім тудырмайды. Бірақ рейтингтік бағалау мүмкіндігінше объективті болса және ең бастысы, олар өңірлерді дамыту бойынша нақты жүйелі іс-қимылдарды негізге алса, ол әлі де оң рөл атқара алады. Тү­йінді әрі көкейкесті мәсе­ле­лер­ді шешпей қандай да бір тиімді экономикалық дамудан үміттену қиынға соғады.

Биліктің барлық тармақ­тары­ның, негізінен атқарушы билік­тің міндеті болып саналатын ық­ти­мал шешімнің егжей-тег­жейі­не үңілмей-ақ, осы мәселе­ге қатысты ойларды жалпылама түрде айтуға болады. Ең алдымен, үйлесімділіктің теңгерімді меха­низмін ескере отырып, даму­ды басқару мін­деттеріне мем­лекеттік көз­қарастың бұрынғы басым­дығын қалпына келтіру қажет. Ол үшін ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың әлеуетін тарту негізінде ағымдағы, орта және ұзақмерзімді дамудың мақ­сат­тары мен міндеттерін жоға­ры тиім­ді болжау, қойылған мақ­саттар­ға қол жеткізуді қам­та­масыз ету жөніндегі шара­лар кеше­нін сараланған, ойлас­тырылған түрде жоспарлау қажет. Басқару жүйесінің жос­парларын жүзеге асыру үдерістерін қатаң мониторингтеу негізінде іс-шараларды орындау үшін жауапкершілік енгізу сияқты мәселелер шешімін табуға тиіс.

1990-1995 жылдарда мемле­кет­тік басқару жүйесінің негізгі қызметтерінде ғылыми ортадан шыққан адамдар болғаны есімде. Олардың қолы таза еді және интеллектуалдық қадір-қасиеті жоғары болды. Сондықтан да олар ел үшін тиімсіз, қолайсыз шешімдердің қабылдануына жол бермеді. Біраз уақыттан кейін, 1996-2000 жылдары мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық тәсіл әкелген және бюрократиялық жүйеге қарқын берген көптеген табысты кәсіпкер шақырылды. Олар елдің жалпы дамуымен ұштастыра бермесе де, біраз нақты мәселелердің шешілуін жеделдету жолында көп еңбек сіңірді. Бейнелеп айтқанда, олар жеке ағаштарды анық байқаға­нымен, орманды тұтас­тай көре алмады.

Бірақ ең сорақысы сол кезде мемлекет мүддесіне қай­шы келетін топтық кәсіпкер­лік мүдделер пайда болды. Одан кейін кадр саясатында «кәсіби мемлекеттік қызметкерлерге» сүйену тәсілі басым болған 2001-2010 жылдар кезеңі келді. Бұл іс жүзінде «сұр пиджактар» ортасына сыймайтын адамдарды басқару жүйесінен ығыстыру кезеңі еді. Ақырында 2011-2021 жыл­дары билікте шенеунік кей­піне енген, «биліктегі бизнес­­мендерге» айналған және өздері басқарған салалар тура­лы әлсіз түсінікке ие адам­дар тобы қалыптасты. Бұл елді «Қасіретті қаңтар» оқи­ғасына алып келді. Қаңтар оқи­ғаларынан кейін «биліктегі бизнесмендер» негізгі лауазымдардан шеттетілді. Бірақ олар артынан экономикалық және жалпы барлық ғылымдардан алыс, бірақ өздері мен ведомстволары туралы ақпаратты тиімді ұсыну қабілетін дамыт­қан шенеуніктерден тұра­тын мемлекеттік басқарудың ба­ғыт­талмаған жүйесін қал­дырып кетті.

Негізгі мәселелер шешіл­мей қандай да бір тиімді эко­но­ми­калық саясаттан үміт­тену қиынға соғады. Стра­тегиялық жоспарлаудың мақ­саттары мен міндеттеріне жауап­кер­шілікпен қарау қажет. Егер біз қоғамда түсіністік пен қол­дауға ие, әсіресе, «кәсіби үкімет» басымдығы бар «Қазақ­стан-2030» сияқты ұзақ­мерзімді стратегияны дәйекті түрде іске асыратын болсақ, бүгінде жағдай мүлде басқаша болар еді. Алайда стратегияны мерзімінен бұрын орындалды деп жариялау­ға асығып, «Қазақстан-2050» стра­­тегиясы қабылданды. Сон­дықтан да көп жағдайда, мем­лекеттік және ве­домстволық басқарудың кәсіби деңгейін көтеру мүмкін болмады. Осыған байланысты екі міндетті бірінші кезектегі және кідіріссіз деп санауға болады, олар – жалпы ғылымның да, жеке экономика ғылымының да бұрынғы беделін көтеру, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардағы басқару жүйесінің кәсіби деңгейін және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті арттыру.

Қазіргі уақытта мемлекетіміз дамудың жаңа негіздерін құруға қадам жасап, өтпелі кезеңде тұр. Соның бірі – Парламент Мәжі­лі­сінің сайлауы. Бұл сай­лау сая­си жүйені ішінара жаңар­туға, ал одан кейін болатын Үкі­мет­тің ауысуы – ел дамуының оң век­торын қалыптастыруға мүм­кін­дік береді. Жалпы, біз бұл міндет­терді оңтайлы шеше ал­сақ, шын мә­нінде Әділетті Қазақ­стан құра аламыз.

 

Еділ МАМЫТБЕКОВ,

Парламент Сенатының VII шақырылым депутаты