• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Наурыз, 2023

Қазақстанда мыңдаған шетелдік заңсыз жұмыскер анықталды

227 рет
көрсетілді

Қазақстанға жұмыс істеуге келетін шетелдік азаматтар көбейген. Олар елде болу заңнамасын сақтамайды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек «Мигрант» операциясының нәтижелері туралы айтып берді.

«Сегіз күн ішінде көші-қон заңнамасын 9,2 мыңнан астам адам бұзғаны анықталды. Оның ішінде 5,1 мың  шетелдік елде болу шарттарын бұзды. Айта кету керек, кейде пайда табу үшін жұмыс берушілер шетелдіктердің заңсыз еңбегін бұған рұқсат алмай пайдаланады, осылайша азаматтарымызды еңбек қызметін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырады», деді ол.

Елде шетелдіктердің заңсыз еңбек қызметінің 2,7 мыңға жуық фактісі тіркелген. 471 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.