Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) екінші орта дивизионға көтеріліп, мексикалық Сауль Канело Альвареске (58-2-2, 39 КО) қарсылас болуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Биыл үлкен жекпе-жектер ұйымдастыруға тырысамын. Ал егер маған ондай мүмкіндік бермесе, 2024 жылы 168 фунтта Канелоға міндетті қарсылас боламын. Мұның мүмкін екенін бәрі біледі. Бұйыртса келесі жылы екі салмақта чемпион атанамын!», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Twitter желісінде.