• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 12 Наурыз, 2023

Су тасқыны қаупі жарияланған аймақтарға аэровизуалды барлау жүргізілді

226 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т.Балтаев және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Е.С.Өтегенов, «Қазидромет» және «Қазсушар» РМК басшыларымен Орал қаласы, Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды барлау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуеден барлау барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттелді, өзендер бойында орналасқан елді мекендердің айналасына мониторинг жүргізілді.

ТЖ министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Тасқала ауылындағы Деркөл өзеніндегі су деңгейі 520 см, Шежін-2 өзенінің су деңгейі 761 см. Елдімекендерге қауіп жоқ.

Сонымен қатар бүгінгі күні Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Казталов, Сырым және Бәйтерек аудандарында еріген қар суы сорылды. Тәулігіне - 25863 м3 (барлығы 103 839 м3).

Орал қаласы, Теректі және Сырым аудандарында қарды шығару жұмыстары жүргізілді. Тәулігіне - 8338 қар (барлығы - 319915 м3 қар).  535 ойық бұрғыланды, 230 м2 мұз кесілді, 690 құм салынған қап төселді, 2,8 км арықтар, 128 су өткізгіш құбырлар тазартылды.

Соңғы жаңалықтар