• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Наурыз, 2023

Сарыағашта заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

142 рет
көрсетілді

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 8 заңсыз ойын дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш ауданының 2 тұрғынын ұстады. Олар бұрын да заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін істі болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандар бір мекеменің өзінен заңсыз жолмен айына миллион теңгеден астам табыс тапқан.

Тінту барысында ойын мекемелерінде және ұйымдастырушылардың тұрғылықты жері бойынша аппараттық-бағдарламалық кешендер, техникалық құрылғылар, құжаттар, қолма-қол ақша және басқа да заттай дәлелдер тәркіленді. Полиция тергеу барысында заңсыз іске сыбайлас болғандарды да анықтап жатыр.

Іс әлі тергелуде.