• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Наурыз, 2023

Қостанайда алып сәби дүниеге келді

643 рет
көрсетілді

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 6 келі 700 грамм, бойы 69 сантиметр қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz Alau.kz басылымына сілтеме жасап.

«Акушерлік тәжірибеде салмағы 4-5 келі болатын нәресте «алып сәби» болып саналады. Алты келі немесе одан да көп бала сирек кездеседі», деп атап өтті перинаталдық орталық.

Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы. Әулиекөлдегі үйінде Айаруды әкесі, ағасы және әпкесі күтіп отыр.

«Анамның босануы жоспар бойынша, кесарь тілігі арқылы өтті. Жаңа туған нәресте екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бүгінде анасы мен сәбиі өздерін жақсы сезінеді. Қызға Айару есімі қойылды», деді дәрігерлер.

Әйгерім Долдашева перинаталдық орталық дәрігерлеріне алғысын білдірді.