• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Наурыз, 2023

Жетісудағы жағдай тұрақты

291 рет
көрсетілді

Күні кеше әлеуметтік желіде Кербұлақ ауданына қарасты Қызылжар ауылының тұрғындары тасқын судың қаупін айтып, дабыл қаққан еді. Мұндай жағдай Алакөл, Ескелді аудандарында да қайталанған. Ең бастысы, адам шығыны жоқ. Қазір мамандар құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында 4 ауланы су басқан. Оқиға орнына 19 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта арық жүйесі тереңдетіліп, тазаланып жатыр.

«Жетісу облысы ТЖД-ға Кер­бұлақ ауданы Сарыөзек – Көк­тал авто­жолының бойында 9 км жерде орналасқан цемент өн­діретін «Alacem» зауытының аума­ғын су басу туралы ақпарат түс­кен жоқ. Алай­да әлеуметтік же­­лі­лерді монито­рингтеу барысын­да егістіктерден мол қар еру сал­да­­рынан зауыт аума­ғының еңіс ағы­­нымен су бас­қаны туралы видео түсіріліп, әлеу­меттік же­лі­­лерге жарияланғаны анық­тал­ды. Қыз­меткерлердің жұ­мыл­­ды­­ры­луымен еріген қар суын бұ­ру бо­йынша іс-шаралар қабылданды. Зар­­дап шеккендер жоқ. Сондай-ақ зауытқа да залал келген жоқ», де­ді де­пар­тамент басшысы Игорь Жуков.

Айта кетерлігі, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алакөл ауданының Қабанбай және Жай­пақ ауылдарында да аула аумағын су басу салдарының алды алынды. Жергілікті жерлерде жеке құрам­ның 10 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ал Ескелді ауданында қар­дың қарқынды еруі мен арық жүйе­сінің тазаланбауынан Жалғызағаш ауылының ма­ңындағы жол бөлігі су астында қалды. Құтқарушылар шұғыл түрде оқиға орнына барып, канал­дарды тереңдету және тазалау жұмыстарын жүргізді. Айта кетерлігі еріген су Биғаш өзеніне транзиттік режімде өтеді.

«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сәйкес жаңбыр тү­ріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ өткен апта­дағы температура фонының жо­ға­рылауына байланысты қар­дың қарқынды еруі күтіліп отыр. Жеті­су өңірінде еріген және еңіс ағы­нының қалыптасуы, мұз құбы­лыстарының әлсіреуі және өзен­дердегі су деңгейінің кө­те­рі­луі, бұл ретте судың төгілуі мен су басуы мүмкін», дейді И.Жу­­ков.

Жалпы, Жетісу өңіріндегі су тасқынының жағдайы бақылауда. Су тасқынының алдын алу үшін ТЖД қызметкерлері азаматтарды канал жүйелерін тазартуға, аула аумақтарын тазалауға көмектесуге шақырады.

 

Жетісу облысы