Қызылордада жанжал соңы төбелеске ұласып, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицейлердің мәліметінше, 13 наурыз күні сағат 23:30 шамасында қаланың шет көшелерінің бірінде бір топ азамат жиналғаны жайлы хабарлама түсті.
Ведомство өкілдері 20-23 жас аралығындағы 3 облыс тұрғыны полиция бөлімшесіне жеткізілгенін атап өтті. Екі адам аураханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты.
Қазір ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.