Желіде Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының әкімдерін, ТЖД басшыларын жер сілкінісі қаупі туралы хабардар ететін құжат тарады. Хабарлама Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің атынан жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство өкілінің айтуынша, өткен аптада сейсмикалық болжау комиссиясы отырысының қорытындысы кезінде мамандар жер сілкінісіне болжам жасаған.
«Біз бірден сағат 18:30-да брифинг ұйымдастырып, қажетті ақпаратты тараттық. Сондықтан жасыратын ештеңе жоқ. Қандай да бір қажеттілік туса немесе қандай да бір болжам жасалса, қажет ақпаратты дер кезінде жеткіземіз», деп қосты Руслан Иманқұлов.