• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Наурыз, 2023

Елімізде нашақорлыққа міндетті тексеріс енгізілуі мүмкін

191 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі нашақорларды анықтау үшін скрининг енгізу қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өкінішке қарай, бүгінде студенттер арасында есірткі қолдану деректері анықталып жатыр, осыған орай алдағы уақытта скрининг жүйесін енгізу жоспарланып отыр», деді ІІМ басшысы.

Министрдің айтуынша, скрининг жағдайды объективті бағалауға мүмкіндік береді және есірткіге тәуелді азаматтарды, әсіресе жасөспірімдер арасында ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте биоматериалдар жұмысқа орналасу кезінде, мемлекеттік қызметте, жүргізуші куәлігін алу кезінде тексеріледі.

«Бүгінде синтетикалық препараттар ашық тарап жүр. Бір дозасы 10 мың теңге тұрады. Олар интернет арқылы сатылады. Ғылыми сараптама көрсеткендей, есірткі қолданудың ерте сатысында аталмыш заттарды қолданып көрген адамдардың 95 пайызын қалыпты жағдайға қайтаруға болады. Үшінші кезеңде тек 15 пайызы ғана қалыпты өмірге орала алады», деді Ахметжанов.

Ішкі істер министрлігінің басшысы мектептерде есірткі түрлерінің көбейгенін мәлімдеді.   «Мұны жасырмаймыз. Бүгінде сенімді есеп жоқ. Биоматериалдарды кәсіби сараптамадан өткізуді ұсынамын. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы, бірақ біз де оны қолдаймыз. Оқу орындарына түскенде, жұмысқа, мемлекеттік қызметке, әскери қызметке орналасу кезінде жастарды скринингтен өткізу қажет», деді Марат Ахметжанов.

Ол биоматериалдардан есірткіні анықтауда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік болмайтынын қадап айтты. Барлық ақпарат балалардың ата-аналарына жіберіледі.