• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Наурыз, 2023

Анталияда айқасады

280 рет
көрсетілді

31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гранд Слэм турнирінің жалауы желбірейді.

Еліміздің ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов 14 шәкіртіне сенім артып отыр. Солардың арасынан Ғұс­ман Қырғызбаев (66 кило) пен Данияр Шам­шаевты (73 кило) бөле-жара атап өтуге болады. Алғашқысы – әлем чем­пионатының қола жүлдегері, екіншісі – Азия чемпионы. Екеуі де соңғы жылдары табысты өнер көрсетіп, аса ірі халықаралық жарыстарда жүлде алып жүр. Кезінде Азия ойындарында алтын тұғырға көтерілген Дидар Хамзаға да (90 кило) айрықша сенім артылады. Сәт­сіздіктің шырмауынан шыға алмай жүрген қандасымыз, бәлкім, осы жолы олжаға кенелер. Сондай-ақ Ана­долыда ел намысын Нұрқанат Серікбаев, Шер­зод Давлатов (60 кило), Есет Қуанов (66 кило), Дархан Қойбағар (73 кило), Руслан Мұ­саев, Абылайхан Жұбаназар (81 кило), Ай­дар Арапов (90 кило), Бекарыс Сәдуақас, Нұр­лы­хан Шархан (100 кило), Ғалымжан Қы­рық­бай және Әділ Оразбаев (+ 100 кило) қор­ғайды.

Әйелдер сайысында Ғалия Тынбаева (48 кило), Бақыт Құсақбаева (57 кило), Анас­­­тасия Маякова, Роза Нысантайқызы (70 ки­ло), Аруна Жангелдина (78 кило) және Кә­­мила Берліқаш (+78 кило) татамиге шы­ғады.