• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әйел әлемі 15 Наурыз, 2023

Бүгін - Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні

361 рет
көрсетілді

Атаулы күн  осымен 63 рет аталып өтілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық қауымдастық бұл  күнді 1962 жылдан бері атап өтеді. Бұл күн 1961 жылы 15 наурызда АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің Конгресс алдында сөз сөйлегеннен кейін таңдалды. 

Президент өз сөзінде «тұтынушы» ұғымына анықтама беріп, оның 4 негізгі құқығын, қауіпсіздікке, ақпаратқа, таңдауға, тыңдау құқығы барын атап өтті.

Кейінірек «Тұтынушылардың құқықтары туралы заң»деп аталатын бұл 4 негізгі құқық әлемнің көптеген елдеріндегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдардың негізін қалады.