Ауа райының нашарлауына байланысты бүгін Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар жолдардың 9 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазавтожол» баспасөз қызметі хабарлағандай, елдің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғып тұр. Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды.
Ақмола облысы:
Астана - Петропавл (18-291 км, Астана – Көкшетау учаскесі); Астана - Петропавл (304-341 км, Көкшетау учаскесі - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы); Көкшетау - Омбы (14-50 км, Көкшетау учаскесі - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы); Щучинск - Зеренді (0-77 км, Щучинск учаскесі – Зеренді ауылы).Батыс Қазақстан облысы:
Подстепное - Федоровка - Ресей Федерациясының шекарасы (97-131 км, Бөрлі кентінің учаскесі-Ақсайға бұрылғанға дейін).Солтүстік Қазақстан облысы:
Челябинск - Новосибирск (535-618 км, Петропавл – Булаево учаскесі); Астана - Петропавл (341-473 км, Ақмола облысының шекарасы учаскесі - Бескөл ауылы); Жезқазған - Петропавл (882-946 км, Явленка ауылы учаскесі – Бескөл ауылы); Петропавл - Соколовка - Ресей Федерациясының шекарасы (11-73 км, Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы); Көкшетау - Омбы (50-214 км, Ақмола облысының шекарасы – Кішкенекөл ауылы).Уақытша шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін енгізілгенін атап өту керек.