Қазақстандық автомобиль бизнесі қауымдастығының деректері бойынша биыл автомобиль нарығындағы сатылым қарқынды өсіп келеді. Логистикалық мәселелер біртіндеп шешіліп жатыр.
Елде автомобиль өндірісі өсуде. Әсіресе, қытайлық компаниялар Қазақстанға импортты арттырған. Ақпан айында ресми дилерлер 12 405 жеңіл және 710 жүк көлігі мен автобустарды сатқан.
Биылғы көрсеткіш 2022 жылдың ақпанымен салыстырғанда 69,1 пайызға жоғары.