• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Наурыз, 2023

«Ақтөбе» атой салды

192 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры басталды. Алғашқы бес ойын Алматы, Шым­кент, Қызылорда, Қостанай және Астана қалаларында өтті.

«Қайрат» пен «Каспий» арасындағы ойында алғашқы екі голды алаң иелері соқты. 21-минутта Вячеслав Швырев пен 44-минутта Артур Шушеначев нысананы дәл көздеді. Бірінші тайм аяқталар тұста Талғат Кусяпов есеп айыр­машылығын қысқартты. Ал 70-минутта Жоао Пауло матчтың соңғы нүктесін қойды – 3:1. «Ордабасы» «Жетісудың» қақпасына жауапсыз екі доп салды – 2:0. Екеуі де легионерлер – Бобыр Абдихоликов пен Шох­боз Умаровтың еншісінде. «Қайсар» мен «Ақсу» тең тарасты – 2:2. Қызылордалықтар қата­рынан Виталий Приндета мен Горан Милойко мергендік танытса, ақсулықтар арасынан Брайан Сильва мен Мирас Тұрлыбек нысананы дәл көздеді. «Тобыл» «Шахтерді» 2:1 есебімен ұтты. Бұл матчта Игорь Сергеев дубль авторы атанса, Айдос Тәттібаев бір мәрте допты торда тулатты.

Елорда төрінде «Ақтөбе» атой салды. 18-ми­нутта Максим Самородов және 40 пен 50-минуттарда Андрия Филипович алаң иеле­ріне ойынды алаң ортасынан бастауға мәжбүр етті. 77-минутта Абзал Бейсебеков есеп айырмашылығын қысқартқанымен, ойынның соңында Абылайхан Жұмабек қонақтарды тағы бір мәрте қуантты. Есеп – 1:4.