• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Банк 15 Наурыз, 2023

Еңсе тіктей бастаған еншілес банктер

205 рет
көрсетілді

АҚШ Қаржы министрлігі Шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы «Сбербанктің» Қазақстандағы еншілес банкі – Bereke Bank-ті Specially Designated Nationals – қаржы институтының санкциялық және секторлық санкциялар тізімінен шығарды. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап аталған қаржы институтына «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі иелік еткен еді.

«Бұл еліміздің қаржы нары­ғын­­да болып отырған тарихи сәт. Bereke Bank-ті санкциядан шы­ғару үшін акционер, Ұлттық банк, реттеуші орган мен Ішкі істер министрлігі және еліміздің АҚШ-тағы Елшілігі үлкен қолдау көрсетті. Банк кезіккен қиын­дықтарға төтеп беріп, өз клиент­те­рі мен серіктестерінің алдында белгіленген міндеттемелерін орындап, еліміздегі үздік банк­тер­дің қатарына енген еді. Бұл қаржы институты қыз­мет­кер­ле­рінің кәсіби біліктілігі мен сенім­ділігінің тағы бір дәлелі», дейді банктің басқарма төрағасы Андрей Тимченко.

Банк санкция кезінде де қыз­ме­тін тоқтатпауға тырысты. Шек­теу­лер көбінесе валюталық операциялармен, оның ішінде доллар және еуромен жасалатын операцияларға, корреспонденттік қатынастарға және шетелдік сервистерге байланысты болды.

Жылдың басында банк пру­ден­циалдық нормативтерге сәй­кес, капиталдың жеткіліктілік коэффициентін теңестіре отырып, түгелге жуық негізгі көрсет­кіш­терін жақсартқан. Басқарма төрағасы келешекте банк қыз­ме­тінің одан әрі дамуына және ны­ғаюына барынша күш сала­тын­ды­ғын айтты.

Бүгінде Bereke Bank шоттардан ақша шешу, оларды толықтыру операцияларының спектрін, бөлшек клиенттер мен корпоративтік бизнестің барлық сегменті үшін қаржы өнімдерін, сервистерді, тауарлар мен қызмет ақысын төлеу опера­цияларын, ұлттық және шетел валютасындағы ақша ауда­рым­дарын, банкоматтар арқылы жүргізілетін операцияларды ұсынып отыр. Қыз­мет­тер жеке тұлғалар үшін «B-Bank» және заңды тұлғаларға ар­нал­ған «B-Business» мобильді қо­сым­ша­ларында қолжетімді. Қазір банк­тің ел аумағында 18 филиалы мен 111 құрылымдық бөлімшесі бар.

Жалпы, Қазақстандағы үш бір­дей ресейлік еншілес банк сан­кция тұзағына ілінді. Олар – «Сбербанк», «Альфа-банк» және ВТБ (Қазақстан) Банк. «Альфа-банкті» әуелі «Банк Центр­Кредит» сатып алып, оны Eco Center Bank деп атады. Кейін оны өзіне біржола қосып алды. Ал ВТБ-ның Қазақстандағы банкін Мәскеудегі негізгі ВТБ қосымша ка­пи­талдандырды. Қазір ВТБ Қа­зақ­стан аумағында өз жұмысын жалғастырып жатыр. Активтер көлемі бойынша Қазақстандағы екінші қаржы институты болып келген «Сбербанктің» жұмысына шектеу қойылғаннан кейін оны «Бәйтерек» холдингі сатып алған еді. Ұлттық холдинг банктің атауын өзгертіп, басшылық құрамын жаңалап, оны ақыры санкция тізімінен шығарды. Алдын ала ақпараттар бойынша жақын арада «Бәйтерек» Bereke Bank-ті сатылымға шығармақ. Қаржы институты нарық талаптарына сәйкес, мемлекет қарауынан тыс дамуға тиіс деп санайды холдинг басшылығы.