• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 15 Наурыз, 2023

Бізге берілген үлкен мүмкіндік

229 рет
көрсетілді

Дауыс беріп, саяси оқиғаға өз үнімді қосуға мүмкіндік алған кезден бері сайлау науқанынан сырт қалған емеспін.

Көп қатарларымның кері­­тарт­па­лы­ғына шыда­май, пікір таластырып қа­ла­тын кезім де жоқ емес. Бұл бізге берілген мүм­кін­дік деп түсінгеніміз жөн. Қоғам дамуын тың арнаға бұрып, өзіміз бен балаларымыздың өмірін жақсартуды қаласақ, саяси науқаннан қалыс қал­ма­ған жөн. Жаңару мен жаң­ғырудың басы осындай қадамдардан басталады.

Бұл науқанға қызығып отырғаным­ның тағы бір себебі – оның бұрынғы сайлаулардан ерекшелігі. Қазір үгіт-насихат жұмыстары қы­зып, үміткерлер ел аралап жүр. Осылардың арасынан ел сенімін арқа­лау­ға лайық, аманатқа адал азаматтарды таңдау үшін де сайлаудан қалыс қалмағанымыз дұрыс.

Бізді отбасында қалып­тас­қан дәс­түр бойынша дауыс беруге атам бас­тап апарады. Жолдасым екеу­міз ба­ла­ларды да ертіп аламыз. Осы ар­қылы олар бола­шақтарының өз таң­дауларына тікелей байланысты болатынын ұғын­ғанын қалаймыз.

 

Балдырған МӘМЕН,

Қызылорда облысы кәсіпкерлер

палатасының баспасөз хатшысы