• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Туризм 16 Наурыз, 2023

Туристік жадынама: Израиль туралы қызық деректер

340 рет
көрсетілді

Израиль - сыртқы келбеті мен мәдениеті жағынан басқаларға ұқсамайтын ерекше ел. Десе де туристерге түсінікті бола бермейтін ерекше ережелері де бар. Сондықтан көптеген адамдар үшін бұл елдегі өмір қиынға соғуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Израильде жұмыс аптасы жексенбі күні басталады. Демалыс күндері — жұма және сенбі. Бірақ жергілікті тұрғындар жұма күні сағат 14:00-де жұмысын тоқтатып, сенбі күні сағат 18:00-ден кейін қайта жалғастырады.

Израильде демалыс күндері «шаббат» деп аталады, ол Таураттың қасиетті еврей кітабының ережелерімен реттеледі. Оған сәйкес, еврейлерге жұма және сенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Шаббатта барлық мекемелер жабылып, қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатады. Тек аэропорт, медициналық қызмет көрсету орталықтары мен төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеуі мүмкін.

Тағы бір қызық жәйт - Израиль компанияларындағы қызметкерлер кез келген уақытта үзіліс жасай алады. Сонымен қатар Израильде тамақтың бір адамға арнап салатын мөлшері өте үлкен.  Еврейлер дайындайтын тағамдардың калориясы жоғары, өйткені оның құрамында көмірсулар көп.

Израильде әрбір мереке ерекше түрде тойланады. Біріншіден, барлық қызметтер мен дүкендер жұмысын тоқтатады. Екіншіден, әр мерекеде тағам түрлеріне, киім үлгісіне қатысты белгілі бір ережелер сақталады.

Елдегі ең маңызды әрі жарқын мерекелердің бірі — Пурим. Бір апта бойы тойланатын бұл мереке кезінде тұтас ел үлкен карнавалға айналады. Балалар мектепке костюм киеді, ал ересектер жұмысқа жатарда киетін киімімен барады.