Францияда зейнетақы реформасына қарсы шерулер қарқын алды, хабарлайды Egemen.kz «Qazaqstan» Ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Шеруге зейнеткерлер, жастар мен түрлі сала қызметкерлері қатысып жатыр. Олар президент Эммануэль Макаронның азаматтардың зейнетке шығу жасын 2 жылға ұзарту туралы жоспарына наразылық білдірді.
Қоғамның қарсылығына қарамастан даулы заң жобасы қазір парламентте талқыланып жатыр.
Дегенмен ол жақында қабылданбайтын секілді. Депутаттар арасында құжатқа қатысты ортақ пікір жоқ.