Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.
Екіжақты келіссөз аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Конгресс орталығына бірге барды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде сөз сөйледі.
Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1.Түркі мемлекеттері ұйымы кезектен тыс саммитінің Анкара декларациясы;
2.Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау механизмін құру туралы шешім.
3.Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім.