Алматы қаласы, Алатау ауданының №8 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілерге сыйлық ретінде шай мен қазақстандық шоколад табыс етілді, деп жазады Egemen.kz.
Еске салсақ, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау басталды.
Сайлаушылар тізімінде 12 миллион 32 мың 550 адам бар.
Биылғы жылдың 19 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.