• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 19 Наурыз, 2023

Маңғыстау облысында 247 сайлау учаскесі жұмысын бастады

184 рет
көрсетілді

Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де Маңғыстау облысында барлық сайлау учаскелері жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күні 8 аумақтық, 118 округтік және 247 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істейді.

247 сайлау учаскесінің 4-і қайта құрылды. 52-нің шекарасы өзгертілді. Облыста 418 002 сайлаушы тіркелген, оның ішінде 20 579 тұрғын мүгедектер тобына жатады. Оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар 7970 адам бар: көру қабілеті бұзылған 992 адам, есту қабілеті нашар 580 адам, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 5542 адам, мүгедектер арбасын 856 адам пайдаланады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 190 ғимаратта 247 сайлау учаскесі орналасқан. Оның ішінде 127 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдарға толық қолжетімді, 49 нысан жартылай қолжетімді. Сайлау күні Ақтау қалалық саңыраулар қоғамы мен «Маңғыстау» саңыраулар қоғамының екі қоғамдық бірлестігінен 15 «Инватакси» автокөлігі, 13 сурдоаудармашы жұмыс істейді. Облыстағы барлық сайлау учаскелері «Брайль» шрифтімен жазылған трафареттермен және бюллетеньдердің аудио нұсқаларымен қамтамасыз етілген.