• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Теннис 19 Наурыз, 2023

Жас теннисшілер Үндістанда топ жарды

205 рет
көрсетілді

Қазақстанның жас теннисшілері Үндістанның Дехрадун қаласында өтіп жатқан жарыстарда керемет нәтижеге қол жеткізді, спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қыздар арасында жекелей сында жартылай финал қазақстандық спортшылардың арасында өтті. Олардың біріншісінде Аружан Нұранбай Альбина Какеновадан жеңілсе, басқа матчта Анастасия Крымкова Арианна Гогулинаны жеңді. Чемпион атағы үшін жекпе-жекте Какенова Крымковадан 6:1, 6:4 есебімен озды.

Бас жүлде үшін шешуші матчта Анастасия Крымкова мен Сатима Төрегеннің дуэті өз жерлестері Гогулина мен Какенованы 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Бір апта бұрын Гургаон корттарында ITF Juniors World Tennis турнирінде 14 жасар Арианна Гогулина чемпион атанған еді.