Қонаев қаласындағы ретрокөліктер салонының басшысы Мұрат Сіргебаев сайлау күніне орай автошеру ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінгі автошеруге 10-ға жуық көлік қатысып жатыр. Біз барлық сайлау учаскелерін аралап жүрміз. Жалпы біз ешқандай шарадан тыс қалмаймыз. Оған қоса, бүгін азаматтық борышымызды өтеп, дауыс бердік», деді Мұрат Сіргебаев.
Сонымен қатар ол жуырда Наурыз мейрамына орай тағы бір автошеру ұйымдастырылатынын жеткізді.
«Наурыз мейрамында өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан алпысыншы жылдарына дейінгі аралықтағы көліктер шеруі болады. Бүгін мен осы темір тұлпарлардың бірі – мотоциклмен келдім. Көне автомобильдер адамдардың үлкен қызығушылығын тудырады. Фотосессия ұйымдастырып, жүргізіп көруіне де рұқсат етеміз», деді автосалон басшысы.