Сайлау – елді жаңғырту жолындағы бастамалардың бірі. Ал сайланушылар зиялы тұлға, білікті заңгер, білімді азамат болуға тиіс. Сайлау науқанында дауыс беруімнің мақсаты – Мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға халыққа жаны ашитын білімді тұлғаларды таңдау.
Елімізді жаңарту, Әділетті Қазақстан құру, әділ қоғам орнату – оңай шаруа емес. Оның бір басы әрине, заңдарға келіп тіреледі. Сондықтан Парламентте отыратын ертеңгі заң қабылдаушы тұлғалар жан-жақты білімді, зиялы және еліне, жеріне, халқына жаны ашитын адам болуы керек. Біз сайлауда Парламентке дәл осындай тұлғаларды, елдің мұң-мұқтажын көре білетін, айта білетін және заң жүзінде іске асыра алатын адамдарды таңдау үшін өз даусымызды бердік. Сайлау учаскесіне келгендегі ойым осындай болды.
Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ,
Жазушылар одағының төрағасы