• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Наурыз, 2023

Шетелде 8800 қазақстандық сайлауда дауыс берді - СІМ

121 рет
көрсетілді

20 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстанның 62 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктерінде жалпы саны 12 132 сайлаушы бар 77 учаскелік сайлау комиссиясы ашылды», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады. Дауыс беруге 8800 ҚР азаматы қатысты, бұл дауыс берушілердің 72,54% құрады.