• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Наурыз, 2023

Маңғыстау облысында екі қызды зорлаған ер адам терезеден секіріп кетті

356 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында 16 және 12 жастағы қыздарды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz .

Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 5 ақпанда Маңғыстау облысындағы аудандардың бірінде болған. Әйел 16 және 12 жастағы кәмелетке толмаған қыздарды зорлау дерегі бойынша полицияға арызданған.

Тергеу барысында күдікті қыздардың ата-анасының жақын досы екені белгілі болды. Ер адам 2019 жылдан бастап 4 жыл бойы қыздарды зорлап келген.

Құқық қорғау органдары қыздарды зорлады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынды ұстаған. Ер адам өз кінәсін мойындап, кейін полиция бөлімінің терезесінен секіріп кеткен. Бірнеше күннен кейін ол ауруханада қайтыс болған.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі (Бірнеше рет зорлау) бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиіс сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да мәліметтер жария етілмейді», деді полиция қызметкерлері.