• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 21 Наурыз, 2023

Президент «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты

Президент наурыз мерекесі кезінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.

Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады. Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді.

Сонымен қатар Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар