Жапонияның Сыртқы істер министрлігі Премьер-министр Фумио Кисиданың Киевке сапары туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жапония Премьер-министрі Украина астанасына Үндістаннан келеді. Министрліктің мәліметінше, Кисида Украина президенті Владимир Зеленскийден Киевке шақырту алған.
«Премьер-министр Кисида Зеленскийге өз отанын қорғаудағы украин халқының батылдығы мен табандылығы үшін құрмет көрсетеді», делінген Жапония СІМ хабарламасында.
Жапония Премьер-министрі Киевтегі сапарынан кейін Польшаға барады.