Синоптиктердің айтуынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жырасының әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады. Тек еліміздің оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша тұман сақталады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік жартысында жел күшейіп, оңтүстігінде найзағай күтіледі», делінген синоптиктер хабарламасында.