ҚР Премьер-министі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрметті қазақстандықтар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғат пен қоғамның қайта жаңаруының мерекесі.Жақсылықтың жаршысы Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын.
Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!», делінген Үкімет басшысының құттықтау тілегінде.