• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Наурыз, 2023

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен отбасыға үй салып береді

1069 рет
көрсетілді

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері, бұл спорт түрінен бірде-бір жеңіліс таппаған спортшы Шавкат Рахмонов Қобда ауданының Қобда ауылында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жүрегі «қазақ» деп соғатын спортшы қобдалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты. Қолдау ретінде бір отбасыға үй салып беретінін қуанышпен жеткізді.

«Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын. Керемет күнде 24 үйдің қазығы қағылып жатыр. Мен де бұл бастамаға өз үлесімді қосамын деп шештім. «Апат айтып келмейді» дейді. Сынақтарға мойымай, жеңе білдіңіздер. Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін. Тек алға!», деді Шавкат Рахмонов.