• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Наурыз, 2023

Қырғызстанда топырақ көшкіні жүріп, тұрғындар эвакуацияланды

291 рет
көрсетілді

Қырғызстанның Ош облысы Өзген ауданында көшкін жүріп, шамамен 1 млн текше метр топырақ түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Кабар-ға сілтеме жасап.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көшкін жүрген жерден 300 метр қашықтықта орналасқан 18 үйдің тұрғындары эвакуацияланды.

«Өзген аудандық Қоғамдық қауіпсіздік қызметі дабыл қағып, алдын алу шараларын жүргізіп жатыр», делінген хабарламада.

Топырақ көшкіні қаупі 2017 жылдың көктемінен туындап келеді. Елдің ТЖМ Мониторинг және болжау департаментінің қызметкерлері 2022 жылдың 5 қыркүйегінде 18 үйдің тұрғындарын қауіпсіздік мақсатында көшіру туралы шешім шығарған болатын.