• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 24 Наурыз, 2023

Қазақстанның үздік теннисшілері Майами додасын сәтті бастады

200 рет
көрсетілді

Қазақстан теннисшілері АҚШ-тағы Майами мастерс турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина мен америкалық Эйжа Мухаммад испаниялық Паула Бадоса және тунистік Онс Жабермен кездесті.

1 сағаттан астам уақытқа созылған әсерлі матчта қазақстандық-америкалық жұп 6:4, 6:4 есебімен қарсыластарын ойсырата жеңді.

Қазақстанның жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик сербиялық Миомир Кецмановичпен бірге Аргентина өкілдері Педро Качин мен Франсиско Черундолодамен кездесіп, 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Енді жерлестеріміздің екінші айналымдағы қарсыластары алдағы уақытта анықталады.

Айта кетсек, жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Майами турнирі 2 сәуірге дейін жалғасады.