• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Наурыз, 2023

Роналду ұлттық құрама сапында 100 гол соққан алғашқы футболист атанды

371 рет
көрсетілді

Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду тарихта бірінші болып ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соқты, деп хабарлайды Egemen.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің 1-турында Португалия мен Лихтенштейн құрамалары жасыл алаңға шықты. Ойын барысында Криштиану Роналду қос голдың авторы атанды. Ол ойынның 53-минутында, алдымен 11 метрлік айып добын дәл орындаса, матчтың 63-минутында есепті 4:0-ге жеткізді.

Осылайша, Роналду ұлттық құраманың ресми ойындарында соққан гол санын 100-ге жеткізді.